Қазақстан Республикасының Сенат Депутаты Успен ауданының мектептеріне келді
2017 жылдың 17-19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Сенат Депутаты Павлодар облысына жұмыс сапармен келген болатын. Жұмыс сапардың басты мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту мәселелерінің енгізілуімен танысу, оқу-тәрбие жұмысының ахуалын, матералдық – оқу базасын зерделеу, мектептердегі жұмысты одан әрі жетілдіру, педагог кадрлардың қызмет сапасын арттыру бойынша жобаларды іске асыру болып табылады.
2017 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының Сенат Депутаты В.Н. Редкокашин жұмыс сапар барысында Успен ауданының білім ұйымдары - №3 Успен ЖОББМ және Павлов ЖОББ мектебіне барды. Сенатор мектептердің материалдық – техникалық базасын, спорттық құрал-жабдықтар мен заманауи техникалық құралдармен жабдықталуын, «Күнделік» электрондық журналының пайдаланылуын және «Bilimland» білім порталы ресурстарын пайдалану дейгейінің жоғарылығын атап өтті. Әсіресе робототехника кабинеті мен шахмат ойнына арналған кабинеттер оның көңіліне шықты.