«Зерек бала - 2017»
«Зерек бала - 2017» 2017 жылдың 26 сәуірінде №3 Успен ЖОББМ-ң аясында «Зерек бала - 2017» атты дарынды балалардың аудан әкімі С.И. Саламацкиймен кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шараға аудан мектептерінің 16 үздік оқушысы қатысты. Бұл – оқу озаттары, ғылыми сайыстар, аудандық және облыстық олимпиада, аудандық, облыстық спорт сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, интеллектуалды турнир, конкурс, марафон, шығармашылық конкурс, сонымен қатар әдеби-поэзиялық конкурстардың қатысушылары мен жүлдегерлері.
Әңгімелесу барасында оқушылар әкімге өз жетістіктері, болашаққа құрған жоспарлары туралы айтты. Өз кезегінде Сергей Иванович оқушыларға сабаққа деген ынта, күнделікке бестіктер, мықты денсаулық және жаңа жетістіктерге жетуді тіледі!
Кездесудің соңында балалар әкімнің атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.