«Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық науқаны
2017 жылдың 10 - 21 сәуірінде Успен ауданының барлық мектептерінде «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық науқаны өткізілді, науқанның мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін арттыру болып табылады.
Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Науқан барысында семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, балаларға арналған шығармашылық байқаулар, қайырымдылық акциялар, ата-аналардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастырылды. Аталған тақырып қызықты болғандықтан балалар белсенді қатысты , онкүндік қызықты өтті.