2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін14
Кеше46
Апта91
Ай697
Барлық күндері107744

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Біздің жүрегімізде мәңгі сақталады

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

 

    2017 жылдың 25 сәуірінде Успен ауданының Лозов мектебінде 1971 жылғы мектеп бітіруші, ұшқыш, ауғандық –жауынгер, әскери тапсырманы орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан Виктор Потипакада еске алуға арналған мемориалдық стендтің ашылу салтанаты өтті. Мемориалдық стендтің ашылуы салтанаты аудандық мәслихат депутаттары С.Р.Смағұлова, М.А. Тауасқан және О.Д. Устименконың қолдауымен өткізілді.

   Осынау салтанатты күні Жауынгерлік Даңқ залында оқушылар, педагогтар, батырдың туыстары, аудандық әкімдіктің және білім бөлімінің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

   Батырдың қарындасы Людмила Михайловна Сулимова сөз сөйледі, Виктор Михайлович туралы естеліктерді әңгімеледі және өзінің ағасына деген құрметі үшін оқушыларға шексіз алғысын білдірді.

   Виктор Потипакадың қысқа ғұмыры мен ол жасаған ерлік барлық адамзат үшін адамгершіліктің зор үлгісі болып табылады. Осы ерлік туралы Лозов мектебінің оқушылары ешқашан ұмытпайды. Батырдың есімі оның жерлестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

   Бүгін Виктор Потипакадың туған күнінде мектеп оқушылары өмірден ерте кеткен батырлар туралы өлеңдер оқыды:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

   Сынаптай зырғыған уақыт ешқашан томтамайды, бірақ біздің жанымызға жақын адамдардың есімі мен келбеті біздің жадымызда мәңгі сақталмақ.

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

   Салтантты жиналыс ерлік пен құрмет сабағы болып табылады. Біз өз міндетін абыроймен атқарған жерлесімізді мақтан тұтамыз, Батырымызға құрметпен бас иеміз, оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ.

 

1