2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін46
Кеше80
Апта203
Ай809
Барлық күндері107856

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Қамқоршылық кеңесінің жаңа форматы

   

   Жаңа оқу жылынан бастап, Успен ауданы білім беру жүйелерінің қамқоршылық кеңестері жаңа форматқа ауысты. Білім сапасын жақсарту үшін, оқу орындарының басшыларымен бірге бюджетті қалыптастыруға қатысу және әкімшілік есептерін қабылдау – бұл қазіргі қамқоршылық кеңесінің өкілеттік спекторы болып табылады.

   Павлодар облысының білім саласын бақылау Департаменті осы сұрақ бойынша облыстың қалалары мен аудандарына шығу барысында тақырыптық семинарлар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізеді. 2018 жылдың 8 ақпанында №3 Успен мектебінің базасында Павлодар облысының білім саласын бақылау Департамент басшысы Е. Аязбаевтың қатысуымен Успен ауданының қамқоршылық кеңесімен кездесу өтті.

   Қамқоршылық кеңестерінің құрылуы оқытуды, тәрбиелеуді жақсарту, қоғам назарын бала құқығын қорғауға бейімдеу, білім беру қызметтерінің сапалы берілуіне жағдай жасауға бағытталғандығы туралы - Еркімбек Мұқатайұлы айқын айтты.

   Өкіл органдары білім беру ұйымдарында бюджетті қалыптастыруға ұсыныстар жасай алады, оқу мекемелерінде анықталған кемшіліктерді жоюға ұсыныс енгізеді, мекеме әкімшілігінің есебін қабылдайды. Мектептер, колледждер мен университеттер менеджментінің айқындығына әкелетін реформа негізінде басталады.

   Қамқоршылық кеңесінің құрамына 9 адамнан кем емес: жергілікті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары кіреді. Қамқоршылық кеңесі жанынан құрылған білім беру ұйымдарының басшылары мен оның орынбасарлары отырыстарға қатысады, бірақ құрамға кірмейді. Кеңес жеке қаражатпен жұмыс істейді.

   Павлодар облысының орта білім беру ұйымдарында 371 мектептен 346 қамқоршылық кеңесі құрылды, ол 92,3% құрайды. 346 қамқоршылық кеңесінің ішінде әділет органында тіркеліп және заңды тұлға мәртебесіне ие болғандар - 43, ол 12,4% құрайды (Олар қоғамдық қор және мектептерді дамыту қоры түрінде құрылған). Успен ауданында 19 кеңес құрылған, ол 100% құрайды.

   Сондай-ақ департамент басшысы №1 Успен мектебінің қамқоршылық кеңесінің ашық отырысына қатысты, кеңесте мектеп директоры К. Жакупованың көпшілік алдында берген есебі тыңдалды. Ата-аналар мектептің жұмысына оң баға берді. Көпшілік алдында есеп беру тәжірибесі аудан мектептерінің жүйесіне енгізіледі және ол әр жарты жылдықта өткізіледі.

   Қоғамдық бақылаудың жаңа формасы ата-аналар қауымдастығының пікірі бойынша мектептің материалдық жағдайы және мектеп әкімшілігіне маңызды білім саласындағы қызмет сапасын жақсартуды қолдауға мүмкіндік бере алады.

 

1 1