2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін42
Кеше80
Апта199
Ай805
Барлық күндері107852

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – егеменді елдің шежіресі

   

   Успен ауданының барлық 19 мектебінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсау кесері өтті. Қамту аясы орта және жоғарғы буын оқушыларынан 290 баланы қамтыды.

   Шараның мақсаты - оқырмандар пікірін қалыптастыру, оқушыларды патриотизмге және оқыған кітапқа талдау жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Біздің Президентіміздің кітабы ең алдымен болашаққа өз жолымен сенімді қадам басқан және қолдау көрсеткен халыққа арналған. Тарихи публицистика жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің жаңа тарихына және болашаққа деген көзқарасы, бұдан әрі жалғастырар жолы туралы принциптері баяндалған, Президенттің кітабы біздің тәуелсіздігіміздің энциклопедиясы, кітапта еліміздің өмірінің барлық қырлары, саяси, экономикалық және рухани өмірі жайлы оқиғалар қамтылған. Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуының хронологиялық тәртібі баяндалған. Біздің Республикамыздың қалыптасуындағы негізгі сәттерден үзінділер оқылды. Президенттің сол ауыр жылдардағы еліміздің нарықтық экономикаға жол тартқандағы қиын жылдар туралы естеліктері жазылған. Оқушыларға танымал қайраткерлердің ұлағатты сөздерін айту ұсынылды, олар осы ұлағатты сөздер бойынша қорытынды шығарды, аталған кітапқа Қазақстан ғалымдары, саяси қайраткерлері, жастар өкілдері тиісті бағасын берді.

   Оқушылар осы кітап арқылы Отанымыздың қалыптасу тарихын білуге болатыныны атап өтті, бұл кітаптың шын мәнінде маңызды оқиғаларға мән беріп, өткеніміз бен болашағымыз туралы ойлануға итермелейді.

 

1 1