2
3
4
5

Поиск по сайту


Статистика сайта

Сегодня23
Вчера61
За неделю358
За месяц964
Всего108011

 

Горячая линия

liniya

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

Контакт-центр
по защите прав детей
111
100 logo ru

 

114

Материалы

«Этика және біз» тәрбие сағаты

Балалардың ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға, адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 29 қаңтарында Қозыкеткен ЖОББ мектебінде 3-4 «а» сыныбында «Этика және біз» атты тәрбие сағаты өтті. Әдеп – барлық адамға жарасатын қасиет. Әдеп сөзінің мағынасына терең сусындап өскен балаға, әдеп сөзінің қуат-күшінің әсері болмауы мүмкін емес.

Оқушылар әдептілік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, әдептілік-әдемілік жайлы мақал-мәтелдер айтып, өз ойларын ортаға салды. Сынып екі топқа бөлініп, әдептілікке байланысты ситуациялық жағдаяттар, сөзжұмбақтар, қызықты тапсырмалар орындады. Тәрбие сағатынан оқушылар сыпайы сөздерді үйрену, үлкен қарт адамдарға қамқорлық жасау, қол ұшымызды беру, көмектесу, кішілерге ізет көрсету, достарымен қалай қарым - қатынас жасау керектігі жөнінде танысып, әдептілік, адамгершілік қағидалары туралы оқушылар өздеріне көптеген мәлімет алды.

96  97