2
3
4
5

Поиск по сайту


Статистика сайта

Сегодня1
Вчера101
За неделю102
За месяц339
Всего107386

 

Горячая линия

liniya

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

Контакт-центр
по защите прав детей
111
100 logo ru

 

114

Материалы

IQanat

Бүгін 18 ақпанда мектебімізде алғаш рет 8 сынып оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасының 1 кезеңі өтті. 

Ағымдағы оқу жылының 1 қарашасы - 1 желтоқсаны кезеңіндеқатысушылар www.iqanat.kz сайтында тіркеуден өтуі керек еді. Олимпиадаға қатысу тегін. Олимпиадаға 10 оқушы қатысты: Пудич Валерия, Окс Милена, Болатов Ислам, Төлеутемір Диляра, Аксёнов Владимир, Мирошниченко Владимир, Хачатрян Левон, Жумабеков Тамерлан, Талғат Әлихан, Хабидуллин Дамир.

1 тур шеңберінде қатысушылар төрт бағыттың біреуі бойынша бейімділікті анықтау үшін барлық пәндер бойынша тестілеуді орындады. Барлығы 80 сұраққа жауап беру керек болды. Әр сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болды.

Бағыты (оқушылардың табиғи таланты мен бейімділігін анықтауға):

  • Тілдік («Орыс тілі» пәні-оқыту орыс тілінде, орыс тілін дұрыс қолдану дағдыларын өлшеуге арналған сұрақтар, мәтінді түсіну және қорытынды жасай білу, сөздік қорын, синтаксис және орфографияны қолдану);
  • Математикалық («Математика» пәні, математиканың негізгі ұғымдарын қолдану дағдыларын өлшеуге және осы ұғымдарға тәсілдерді қолдануға арналған сұрақтар, негізгі математикалық қатынастарды қолдана отырып абстрактілі тәсілді орындау, күнделікті өмірде,негізгі математикалық әдістерді қолдану);
  • Жаратылыстану («Физика», «Биология», «Химия» пәндері, физика, биология және химияның негізгі ұғымдары мен қағидаттарын қолдану дағдыларын өлшеуге арналған сұрақтар);
  • Гуманитарлық («Қазақстан тарихы», «География», «Дүниежүзі тарихы» пәндері, тарих, география пәндерінде негізгі ұғымдар мен қағидаларды қолдану дағдыларын өлшеуге арналған сұрақтар).

IQanat олимпиадасын «IQanat білім беру қоры» Қоғамдық қоры қамқоршылар қаражаты есебінен өткізеді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру;

- оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

Осы олимпиадаға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

IQanat 1