2
3
4
5

Поиск по сайту


Статистика сайта

Сегодня6
Вчера72
За неделю340
За месяц1572
Всего106853

 

Горячая линия

liniya

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

Контакт-центр
по защите прав детей
111
100 logo ru

 

114

Материалы

Оқушылардың 5 сыныпқа бейімделуіне арналған психологиялық тренинг

5-сынып оқушыларын зерттеу мақсатында бірнеше әдістемелер

  1. 1. Джекоб Мореноның «Социометрия» әдісі;
  2. 2. Филлипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті;
  3. 3. Проективті әдістер;
  4. 4. Таным процестерін зерттейтін «Сөздер қатарын есте сақтау» әдісі;
  5. 5. Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдісітемесі;
  6. 6. Зейінді бағалау (Мюнстерберг әдісі);
  7. 7. А.З.Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтайтын әдістеме» 

 

«Танысу»  жаттығуы

Мақсаты: танысу, қатысушыларды өзгелердің әңгімесіне эмоционалды тарту, жекелеп айтқанда, балаларды ата-аналар әңгімесіне қызықтыру.

Топтағы қатысушылар шеңбер бойына отырады, олардың біріне доп беріліп өз аттары айтылады және сүйікті ойыншығын айтып ол туралы сипаттап беру ұсынылды.

 

«Қайырымды сегіз аяқ» жаттығуы

Мақсаты: топтың ұйымшылдығы, эмпатия сезімі мен конгруэнтті өзараәрекеттестік дағдысын дамыту; ырғақпен жұмыс; зейіннің шоғырлануы; бөлінуі; қосылуы; дағдысын дамыту.

Топ мүшелері шеңбер бойына тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Психолог жәй ғана: көз алдымызға біз сіздермен бір үлкен әрі қайырымды сегіз аяқ екенімізді елестетіңіз. Мұнан кейін топ үшін жалпы тынысалу ырғағын табу ұсынылады. Осыдан соң әркім тыныс ішке алғанда алға бір қадам жасайды, тынысты сыртқа шығарғанда сәйкесінде бір қадам кейін жасайды. «Біздің қайырымды және үлкен сегізаяғымыз  тыныс алып, өзінің жылы әрі жұмсақ денесін жиырып, қайта жазады. Бір қайырымды әрі сүйкімді сегіз аяқтың қайырымды әрі сүйіктің жүрегінің соғысын естиміз».

 

«Достық күлімсіреуден басталады» жаттығуы

Мақсаты: сөзсіз алғашқы эмоционалдық жағымды байланысты орнату.

Барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырады, әрқайсысы кезекпен көршілеріне қарап күлімсірейді.

 

«Жылы сөз» ойыны

Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою.

Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент), ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтатуға болады.

Баланың психологиялық көңіл-күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін  түрлі жаттығулар жасату өз нәтижесін көрсетеді.

 

«Алманы  жұлып ал» ойыны

Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып, босаңсуға мүмкіндік береді.

Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау тұруын  сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп тұр, оң қолымызды барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамызда, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйлап шығарып, алмаларды себетке саламыз.

Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма тұр. Бір-бірлеріңіздің арттарыңызға тұрып алманы жұлып алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып  екінші алманы  сол қолымызбен  жұламызда тынысты сыртқа шығарып алманы себетке саламыз.