2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше48
Апта323
Ай1162
Барлық күндері106443

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері жөніндегі семинар

   

    2017 жылдың 6 желтоқсанында №2 Успен мектебінде облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әдіскерлерінің қатысуымен Успен ауданының пән мұғалімдері үшін «Білім беру мазмұнын жаңартуды енгізудің өзекті мәселелері» және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары үшін «Мектептің ішкі бақылауын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның 62 педагогі қатысты.

Толығырақ...

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жас мамандар отбасы баспаналы болды

   Лозов ауылында 2017 жылғы 29 қарашада жаңа бой көтерген үйдің салтанатты түрде кілті табысталды. Жаңа үйдің «Президент күні» мерекесі қарсаңында салынып, пайдалануға берілді. Жаңа үй жаңа технологияларды қолдану арқылы салынған. Замануи терезелер, кең бөлмелер, жаңа жылыту жүйесі, санитарлық жағдай – барлығы да сапалы әрі мықты жасалған.

Толығырақ...

5-6 сыныптар арасындағы облыстық кешенді олимиаданың қорытындысы

   Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Павлодар қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 5-6 сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиадасы өткізілді. Аталған іс-шараға Успен ауданынан 4 оқушы қатысты. Олар: Павлов ЖОББМ - Қапсамат Елбек, Константинов ЖОББМ – Кошубара Ульяна, Қозыкеткен ЖОББМ – Кенжеахмет Ғали, №2 Успен ЖОББМ – Пудич Максим.

Толығырақ...

«Павлов ЖОББМ» ММ жанындағы «Мөлдір бұлақ» шағын - орталығында қосымша топ ашылды

   

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қоңыр ¬Өзек ауылында жаңартылған «Мөлдір бұлақ» шағын-орталығы өз есігін айқара ашты. Мемлекеттік тілде оқытуға және тәрбиелеуге арналған 10 орынға қосымша сәбилер тобы ашылды. Топта сапалы білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалынған. Бұл іс-шараға Успен ауданы әкімінің орынбасары А.А.Дисюпова, аудандық мәслихат хатшысы Р.Қ.Бечелова қатысты, ауыл тұрғындарын осы бір ерекше сәтпен құттықтады, педагогикалық ұжымға жетістіктер тіледі және естелік сыйлықтар тарту етті, ең басты мақсат – ауылдық жерде мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру.

Толығырақ...

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «Жас Ұлан» қатарына қабылдау

   2017 жылдың 30 қарашасында Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған мерекелік концертте 5 сыныптың беленді оқушылары: пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарын «Жасұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылау іс-шарасы өткізілді.

   Оқушыларға галстук тағу құқығы «Жас Отан» жастар қанатының өкілі, Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі В.Н. Симоненкоға, «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі С. Ш. Елгондиновке және жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры А.Б. Жүсіпбаевқа ұсынылды. Мойындарына галстук таққан жас жасұландықтар салтанатты түрде ант қабылдады.

Толығырақ...

Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасындағы «Көңілдің асыл пернесі: Н.Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты аудандық конкурсы туралы ақпарат

   

   28 қараша күні Тұңғыш Президент күнінің құрметіне орай рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында «Көңілдің асыл пернесі: Н.Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты конкурс болып өтті.

   Конкурсқа Павлов, Галицк, №2, Тимирязев, Ковалев, Қозыкеткен, Ольгин, Равнополь және Таволжан мектептері қатысты.

   1-орынды Қозыкеткен ЖОББМ оқушысы Жакупова Азалия, 2-орынды №1 Успен ЖОББМ оқушысы Сулейменова Даяна, 3-орынды Павлов ЖОББМ вокальдық тобы, №2 Успен ЖОББМ қатысушысы және Галицк ауылдық мәдениет үйінің «Моншақтар» ұжымы жеңіп алды.

Толығырақ...