2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін34
Кеше60
Апта253
Ай1442
Барлық күндері105186

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

ІІ аудандық дәстүрлі турнир

    2017 жылғы 9 қыркүйекте Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде аудандық «Денсаулық фестивалі - 2017» өтті. Осы күні Константинов ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында ҚР Конституциясы күні құрметіне орай жасөспірімдер мен оқушылар арасында аудан прокруратурасының сыйлығына шағын - футбол бойынша ІІ аудандық дәстүрлі турнир өткізілді.

   Турнирді өткізу мақсаты - спорттың әртүрлі түрлерін көпшілікке тарату және дамыту, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, футбол бойынша сыныптан тыс жұмыстар мектептерде үздік ұйымдастырылғандығы анықталды.

Толығырақ...

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша секциялық тамыз мәжілісі туралы

   2017 жылдың 23 тамызында №2 Успен мектебінің базасында мектепке дейінгі және мектеп алды оқыту және тәрбиелеу бойынша секциялық тамыз мәжілісі өткізілді.

   Секция жұмысына ауданның 30 педагогы, білім бөлімінің әдіскері Г.З. Жандосова қатысты.

   Секция тақырыбы: «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің білім беру мазмұнын жаңарту». «Балапан» балабақшасының әдіскері М.Т. Хамитова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әр –түрлі жастағы балалармен оқу-тәрбиелеу процессін ұйымдастыру», «Балбөбек» шағын орталығынан А.М. Иманқұлова

   «Балапан» балабақшасының тәрбиешілері Р.К. Шарипова «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи жағдайларында педагог пен ата-ананың әлеуметтік серіктестігін дамыту», Галицк ЖОББМ мектепалды сыныбының тәрбиешісі Л.А. Крахмаль «Отбасылық тәрбие негізінде мектепалды дайындық балалардың рухани- адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйледі.

   Секциялық мәжілістің жұмыс қорытындылары бойынша тәрбиешілерге әдістемелік ұсынымдар берілді және алғыс хаттар тапсырылды.

А«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақыбындағы тамыз кеңесі

    28 тамыз күні Мәдениет үйінде Успен ауданында педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Іс-шара білім беру бөлімінің ұйымдастырылуымен өткізілді.

   Тамыз кеңесіне 380 педагог жалпы білім беретін мектептерден, мектепке дейінгі ұйымдардан, мектептен тыс мекемелерден, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Тамыз секциялық отырыс

   2017 жылдың 24 тамыз күні №2 Успен ЖОББМ-ң аясында аудандық педагогикалық кадрлардың химия, биология секциясы бойынша отырысы өткізілді. Секциялық отырыста ауданынның 15 ұстазы және білім бөлімінің 2 әдіскері қатысты.

   Секция отырысының тақырыбы: «Қазіргі заманғы талаптар жағдайында оқушылардың кілтті құзыреттілігін қалыптастырудағы химия, биология пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруі» болды. Секция барысында 3 баяндама тыңдалып, талқыланды. Лозовой ЖОББМ-ң химия, биология пәнінің мұғалімі Чмыхало Э.К және Равнополь НЖББМ-ң химия, биология пәнінің мұғалімі Шевченко И.Л. өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге, 5,7 сыныптардағы жаңартылған білім беру мазмұнынының бағдарламасы жаратылыстану, биология, химия пәндері бойынша қарастырылды. Секциялық отырыстың қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық тамыз мәжілісі

   2017 жылдың 24 тамызында №2 Успен ЖОББМ базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық тамыз мәжілісі өткізілді.

   Секция жұмысына ауданның 33 педагогы, білім бөлімінің әдіскері Г.З. Жандосова қатысты.

   Секция тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім қорытындыларына қойылатын жаңа талаптар».

   №3 Успен ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ж.А. Шакирова, «Жанартылған білім мазмұны аясында түзілген 2-сынып «Математика» оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері», Қозыкеткен ЖОББМ А.А. Жұмабаева «Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында функционалдық арттыру жолдары» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, Константинов ЖОББМ мұғалімі В.В. Михалицина «Практическая значимость суммативного оценивания как фактор успешного обучения младшего школьника» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті.

   Секциялық мәжілістің жұмыс қорытындылары бойынша бастауыш сынып педагогтарына әдістемелік ұсынымдар берілді және алғыс хаттар тапсырылды.

Тамыз секциялық отырыс

   2017 жылдың 23 тамыз күні №2 Успен ЖОББМ-ң аясында аудандық педагогикалық кадрлардың физика, математика секциясы бойынша отырысы өткізілді. Секциялық отырыста ауданынның 17 ұстазы және білім бөлімінің 2 әдіскері қатысты.

   Секция отырысының тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика және математиканы оқытуда жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру» болды. Секция барысында 3 баяндама тыңдалып, талқыланды. Галицк ЖОББМ-ң физика пәнінің мұғалімі Колесникова В.С. «Физика сабағында ағылшын тілі элементтерін қолдану» тақырыбы бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге, 5,7 сыныптардағы жаңартылған білім беру мазмұнынының бағдарламасы қарастырылды. Секциялық отырыстың қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды.