8-11 сынып оқушыларына арналған бірінші облыстық гуманитарлық олимпиада.
12 наурызда онлайн форматта "Ертіс дарыны" РМБО ұйымдастыруымен жалпы білім беру мектептердің 8-11 сынып оқушыларына арналған бірінші облыстық гуманитарлық олимпиада өтті.
Олимпиадаға 11 сынып оқушысы Зайдуллаева Динара қатысты.
Гуманитарлық олимпиада - Қазақстан тарихы мен Қазақ әдебиеті бойынша білімді жүйелеуге, мектеп бағдарламасына енбеген шығармаларды оқуға бағытталған пәнаралық олимпиада.
Олимпиаданың мақсаттары:
- қоғамның тарихи жадын сақтау мен байытуға және өз елінің мәдени мұрасына ұқыпты қарауға ықпал ететін өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру;
- ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болып табылатын оқушылардың оқу мәдениетін дамыту;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
- Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетіне деген танымдық қызығушылықты арттыру.
Олимпиада 2 турдан тұрды:
1 тур - оқушылар Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті бойынша 25 тест сұрағын орындады (60 мин.);
2 тур - ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу (90 мин.).