9 сынып оқушыларымен аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы
2021 жылдың 1 наурызында 9 сынып оқушыларымен 2021 жылы оқушыларды қорытынды аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушылар емтихан өткізу формасымен, кеңес беру кестесімен, пәндер бойынша ерекшеліктермен танысты.
Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын игеру оқушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады және қорытынды мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
Барлық емтихандар жазбаша түрде өткізіледі (4 пән, оның 1-уі таңдаубойынша):
1) орыс тілінен жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс (эссе) - 2 сағат;
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан - 3 сағат;
3) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2 сағат;
4) таңдау пәні бойынша тестілеу түріндегі жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), ағылшын тілі, информатика) – 2 сағат.
Қорытынды аттестаттауға арналған материалдарды облыстық білім басқармасы дайындайды.
Емтихандарды өткізу мерзімі:
2021 жылғы 29 мамыр - 9 маусым.
ОІДО: Больдт Э.Э.