Зерек бала - 2021
2021 жылдың 1 маусымында "Балдырған" аудандық балалар эстетикалық орталығы базасында Успен ауданының әкімі Н.В. Дычконың дарынды балалармен "Зерек бала - 2021" атты дәстүрлі кездесуі өтті. Біздің мектебімізден осы кездесуге аудандық, облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері 11 сынып оқушысы Зайдуллаева Динара қатысты. Динара "Елбасы медалі" жобасының қатысушысы болып табылады. "Таланттар мен дағдылар" жобасының бағыттарының бірі. Оқушы бисермен тоқу бойынша өзінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Кездесу қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді және дәстүр бойынша естелікке ортақ фото жасалды.