Бірінші қоңырау 2021
Бүгін мектепте Білім күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 1-сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға Успен ауданының әкімі Николай Васильевич Дычко және білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Кенжалиқызы Жиренова қатысты.
Бірінші сынып оқушылары мен барлық қатысушыларға мектеп директоры К.Ж.Жакупова мен аудан әкімі Н. В. Дычконың құттықтау сөздері айтылды.
Бірінші сынып оқушылары қуанышпен тілектерін білдірді. Бірінші сынып оқушыларын білім әлеміне бастауыш сынып мұғалімі Н. Н. Петраченко жетелейді.
Аудан әкімі білім күніне орай балаларға Әліппе мен сыйлықтар табыс етті.