«Мың бала» интеллектуалдық олимпиадасы
2022 жылғы 29 сәуір күні Павлодар қаласының «Ustudy» орталығының базасында өткен 5-6 сынып оқушыларына арналған «Myn bala» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының екінші кезеңіне, бірінші кезеңнің жүлдегерлері, ауданның 8 оқушысы қатысты. Оның ішінде, 5 оқушымыз екінші кезеңнің жеңімпазы атанды: 5 сынып оқушылары Функ Илья, Сагиева Наима, Серікқызы Томирис, Семенченко Алиса, Пудич Екатерина.
Оқушыларымызды, ата-аналары мен мұғалімдерін жеңіспен құттықтаймыз!!!
Олимпиада жеңімпазы қандай мүмкіндіктерге ие болады?
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте оқу.
Ең үздік нәтиже көрсеткен жеңімпазға ҚР Білім және ғылым министрлігінің квотасына сәйкес, Республикалық физика-математикалық мектепте, «Білім-инновация» лицейлерінде және «Дарын» мектептерінде білім алу мүмкіндігі беріледі.
Елбасы Академиясының Birge oqý онлайн мектебінде оқу.
Олимпиаданың финалистері Birge oqý онлайн мектебінде тегін білім алу құқығына ие болады, онда еліміздің үздік мектептерінің педагогтары жаратылыстану-математика циклі мен тіл пәндерін оқытады.