Түлектер мерекесі - 2022
2022 жылдың 16 маусымында №3 Успен ЖОББМ базасында түлектердің дәстүрлі аудандық мерекесі өтті. Осы айтулы күні мектепке мұғалімдер, түлектер, ата-аналар мен қонақтар жиналды. Успен ауданының әкімі Николай Васильевич Дычко түлектерді өміріндегі маңызды күнімен құттықтап, әрқайсысына жалпы орта білімді бітіргені туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыс етті. Өз мектебінде білім сатыларын өткен балаларға, мектепте оқыған жылдары олардың шығармашылық бастамаларын қолдаған ата-аналарға, сондай-ақ оқушыларға өз білімдерін табанды түрде салған, оларды шығармашылық жеңістерге жетелеген мұғалімдерге көптеген жылы сөздер мен құттықтаулар айтылды.
Дәстүр бойынша түлектерді кіші жолдастары – «Балдырған» БЭО тәрбиеленушілері құттықтады. Балалар оларға қарап, олар үшін мектеп есігін алғаш ашқан кездегі уақытын естеріне түсірді.
Әрине оқушылардың өз мұғалімдеріне жарқын және есте қаларлық құттықтаулары мен тілектері де болды. Қуанышты шаттану атмосферасы мен мереке сезімі салтанатты іс-шараға қатысқандардың бәрін де қалдырмады.Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін түлектер мен олардың ата-аналарының жүздерінде көптеген күлкісі мен қуанышы бейнеленген фотосессиясы өтті.
Туған мектебінде білім алған балалар өмір жолын үлкен шығармашылық жүктерімен жалғастырады. Мектептің барлық ұжымы бұл жол табысты, жарқын, мазмұнды болады және біздің түлектеріміздің есімдері еліміздің және әлемнің ең лайықты азаматтарының тізімінде өз орнын алады деп үміттенеді.
Біз түлектерімізді құттықтаймыз. Баршаларыңа бақытты жол, еңбексүйгіштік, мақсатқа жетудегі табандылық, өмірде өз орнын табуды және әрине, туған мектептеріңді және мұғалімдеріңді ұмытпауды тілейміз!