«Күмбірлеген домбыра» жобасының аясында оқушылар ұлттық аспаптар жасады.
«Күмбірлеген домбыра» жобасының аясында 5 сынып оқушылары қазақ ұлттық аспаптарын жасады. Жобанынң мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, сонымен қатар мектепке деген махаббаты, еңбекке деген махаббаты ояту.
Жобаны істеу барысында оқушылар зерттеу жүргізді, тиімді шешімдер қабылдап, өзінің қабілеттерін бағалап, диалог құрып, жұмыс барысында шығармашылық күштерін жандандыруға мүмкіндік алды.
Шығармашылық жобаны орындау үдерісінде оқушылардың әр бөлшекке күштері жұмсалып, дайын бұйым жеке шығармашылығы болып табылады. Бұл тиімді еңбек жолындағы мәңгі есте қалатын маңызды қадам. Жобасын орындаған әр оқушы еңбек тәрбиесіне қадам жасап, эстетикалық тұрғыда дами түседі. Ұлттық өнердегі үлгілерді пайдалана отырып, өзінің өнімдерін шығарды.