Ресурс мектебі
«Успен ЖОББМ № 3»КММ Успен ауданы бойынша өтілген аралық сессияның қорытынды есебі
2020-2021 оқу жылы
Шағын жинақталған мектептердің №3 тірек мектебінің ресурстық орталығы – бейіналды оқытуды жүргізуде ресурстарын басқа мектептер пайдалана алатын жеткілікті материалдық және кадрлық жоғары деңгейдегі білім мекемесі. Шағын жинақталған мектептердің тірек мектебінің – ресурстық орталығы Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 68/3 қаулысымен ашылып, Успен ауданы білім бөлімінің Успен ауданы білім беру бөлімінің 2011 жылғы 01 ақпандағы ,№1-05/44 бұйрығы негізінде жұмыс жүргізіліп келеді. Жеке оқу жоспары мен бағдарламасы Успен аудандық білім бөлімімен бекітілген.
Ресурс орталығының негізгі мақсаты оқушыларға кәсіби бағдар беру болғандықтан оқу жылының басында орталықтың жұмыс жоспары бекітілді. Сессияның жұмысы жұмыс кестесімен таныстырудан басталды. Содан соң әр күннің сабақ кестесімен және сабақтан тыс жұмыстармен таныстырумен жалғасты. Сессияға магнитті Ольгин ЖОББМ нен – 2 оқушы, Қаратай ЖОББМ- 11 оқушы №3 УЖОББМ -23 оқушы оның ішінде 11 сынып бойыншы 17 оқушы 10 сынып бойынша 6 оқушы , жалпы барлығы 36 оқушы қатысты. Қаратай және Ольгин ЖОББМ мектептеріне Зум және ватсап желілері арқылы сабақтар ұйымдастырылды Әр күн сайын міндетті түрде психологиялық тренингтер және спорт шаралары, сыныптан тыс іс - шаралар өткізілді. Сессияаралық кезеңдегі онлайн режиміндегі сабақ жоспарлары барлық пәндер бойынша жасалды. Ресурс орталығының оқу жоспарына сәйкес жүргізілген пәндер: математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, физика, биология. география, дүниежүзі тарихы, математикадан күрделі есептерді шығару жолдары, электродинамиканың қолданбалы есептерін шығару таңдау курстары қосымша берілді, эссе жазу мәдениеті, мамандық таңдаудағы дұрыс бағыт бағдар және тарих пәні бойынша «Kahoot.it» қосымшасымен онлайн- интеллектуалдық сайыс, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Сессия жұмысы жоспарға сәйкес өтілді. Сессияға оқушылардан сессияаралық бақылаулары алынып, қорытындысы жасалып, коррекция жұмыстары жүргізілді. Сессияаралық кезеңдегі онлайн режиміндегі сабақ жоспарлары барлық пәндер бойынша жасалды. Сессия жұмысы жоспарға сәйкес өтілді. Сессия соңында аталған пәндер бойынша қорытынды тест алынып, нәтижесі шығарылды (қорытындылары қосымша болып сақталады).
Профильдік бағытындағы ДО: Б.Сарсенбаева