«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» атты іс-шара
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Жауаптылар: Әлиева Ақмарал Камалқызы және Кумпекеева Балдаурен.