uspensosh31
uspensosh32

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін9
Кеше28
Апта249
Ай947
Барлық күндері124423

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Білімнің мерейлі мекені»

   

    18 қараша 2017 жылы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде «Білімнің мерейлі мекені» атты қазақ сыныптарының ашылғанына 25 жыл және жаңа ғимараттың 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға шақырылған ардагер ұстаздар, мектептің бұрынғы түлектері, еңбек еткен ұстаздар, аудан басшылары және осы қазақ мектебінің ашылуына үлес қосқан азаматтар қатысты. Білім ұясының бүгінгі күнгі жетістіктеріне куә болып, қуанышқа кенелді.

   Барлық жиналған қонақтармен мектеп мұражайына, робототехника, Bilim Book кабинеттеріне экскурсия жүргізілді. Түлектер мектепте өткен қызықты жылдарын естеріне алды. Қонақтар мәжіліс залында мектеп ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалады. Кеш барысында мектептің бүгінгі өмірі баяндалды. Мектеп ұжымы туралы слайд көрсетілді. Ардагер ұстаздар, мектеп құрылған кезден еңбек етіп жүрген ұстаздар мен жұмысшылар, және жыл сайын мектепке демеушілік көрсетіп жүреген кәсіпкерлер Маржан Егінбайқызы Алькеева мен Светлана Борисовна Латун марапатталды. Іс-шара өте тартымды және достық жағдайда өтті.

   Мектеп түлектері өз кезегінде жылы лебіздерін білдірді. Осы айтулы күннің басты символы ретінде «Түлек тілегі» ағашын сыйға тартып, жүрек жарды тілектерімен қол таңбаларын қалдырды. Сондай-ақ, балалық шағынан сыр тартатын фото суреттер тізбектелген тапсырыс бойынша жасалған қабырға сағатын сыйға тартты. Осы күннің ерекше бір белгісі ретінде.

   Мерейтойдың жалғасы түлектердің шақыруымен келген халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, қазақ эстрадасының әншісі Нұрым Нұрғали ән шашуы арқылы мұғалімдік еңбекке құрметтерін көрсетті.

   Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген алтын ұямыз қанатын әлі де кең жайып келеді. Мектебіміздің алар асулары алда деп сеніммен айта аламыз.