Жаңалықтар
"Тәуелсіздіктің жетістіктері"
- Толығырақ
- Жарияланды 20.09.2021 16:00
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мерекелік іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ағымдағы жылдың20 қыркүйегінде барлық мектептерде "Тәуелсіздіктің жетістіктері"тақырыбында республикалық сынып сағаты және ашық сабақтар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, қоғамдық және ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Оқушылар тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы тыңдады, қонақтар әр азаматтың ел дамуына қосқан үлесінің маңыздылығы туралы айтты, сондай-ақ балалармен бірге елдің болашағын талқылады.
1 қыркүйек - білім күні!
- Толығырақ
- Жарияланды 01.09.2021 16:00
Жаңа оқу жылынының басталуы мектептердің оқушыларды айқара құшақ жай қарсы алуымен ерекшеленеді. Биыл Успен ауданы бойынша 182 оқушы 1 сыныпқа барды, мектепке алғаш қадам 1 сыныптар үшін салтанатты жиын өтіп, оқушылардың ең алғашқы оқу құралы «Әліппе», «Букварь» табысталды. 2-11 сыныптарда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр сынып «бір сынып – бір кабинет» жүйесі бойынша өтті.
Аудандық тамыз кеңесі
- Толығырақ
- Жарияланды 27.08.2021 18:00
26 тамызда «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында аудандық тамыз конференциясы өтті.
Пленарлық бөлімде білім беру бөлімнің басшысы А. Жиренова өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылының міндеттері мен мақсаттарын айқындады. Сапалы саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы, жүйелі жұмысы, білім белесіндегі жеткен жетістіктері жөніндегі Қаратай мектебінің директоры Б. Бекенова сөз сөйледі. Қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқушылардың психологиялық ахуалы, дене тәрбиесі сау ұрпақтың негізі ретінде, спорт мәдениетін дамыту және жетілдіру, жас ұрпақтың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ашылған музыкалық мектеп қызметі жөнінде мәселелер қозғалды.
Аудан әкімі Н. Дычко білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі дамытуды және де ұстаздар мен оқушылардан зор үміт күтетіндігін айтты.
Аудандық «Жыл оқушысы - 2021» конкурсы
- Толығырақ
- Жарияланды 14.05.2021 18:00
Ағымдағы жылы «Жыл оқушысы - 2021» аудандық конкурсы өткізілді. Конкурсқа ауданның 18 білім мекемесінен 3-4, 5-7, 8-10 сынып буындарынан 24 оқушы қатысты.
Конкурстың нәтижесінде 3-4 сыныптар арасында:
І орынға – Аспан Малика (№1 Успен ЖОББМ);
ІІ орынға - Силиванова Алина (Равнополь НЖББМ), Герлиц Вероника (Қозыкеткен ЖОББМ);
ІІІ орынға – Панфилова Ксения (Вознесен НЖББМ), Мирзаханова Лиана (Ковалев НЖББМ), Хапар Данияр (Новопокоров НЖББМ);
5-7 сыныптар арасында:
І орынға – Коробчук Валерия (Ковалев НЖББМ);
ІІ орынға – Төлеген Әділет (Қаратай ЖОББМ), Садвокасов Тлеубек (Лозов ЖОББМ);
ІІІ орынға – Тиссен Софья (Тимирязев НЖББМ), Ерғали Балнұр (Константинов ЖОББМ).
IQanat олимпиадасы 3 кезеңі қорытындысы
- Толығырақ
- Жарияланды 13.05.2021 18:00
9 сыныптар арасындағы IQanat олимпиадасының 3-ші финалдық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар облысының 16 жеңімпазы құрамында Успен ауданының қатысушылары бар.
Успен ауданынан олимпиадаға қатысқан қатысушылар: Ивакин Вячеслав (Қозыкеткен ЖОББМ), Калыкова Дильназ (№3 Успен ЖОББМ), Заяц Юлия (Равнополь НЖББМ), Жусупова Дарина (№3 Успен ЖОББМ).
Жеңімпаздар қатарында: Ивакин Вячеслав 3 кезеңнің жеңімпазы, Калыкова Дильназ 3 кезеңнің жеңімпазы география пәнінен 2 орын иегері, Заяц Юлия edu.iqanat.kz платформадағы олимпиададан 2 орын иегері және IQ IP бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алды.
Білім бөлімі жеңімпаздарды құттықтайды!
Үштілді оқыту
- Толығырақ
- Жарияланды 28.04.2021 17:00
2021 жылғы 27 сәуір күні аудандық білім бөлімімен «Ағылшын тілі элементтері арқылы ЖМЦ пәндерін оқытуды жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша үштілділікті оқыту процесінде жұмыс жасайтын педагогтарға арналған семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ауданымызда үштілділікті дамыту. Семинар барысында жасалатын жұмыстарының қорытындысы бойынша өз тәжірибесімен Галицк ЖОББМ информатика мұғалімі Волочаев А.Ю. «Mentimeter» сервисімен оқушылардың пән бойынша терминдерді игерудің оңай жолдарын айтып практикалық тұрғыдан аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмасты,
«Жауынгерлік парақ» аудандық конкурс
- Толығырақ
- Жарияланды 21.04.2021 16:00
«Патриот» әскери-патриоттық іс-шаралар айлығы аясында 12-16 сәуір аралығында Успен ауданының мектептерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған жауынгерлік парақтар конкурсы өткізілді. Конкурс 314-ші атқыштар дивизиясының 80 жылдығына және Ясско-Кишенев операциясының 77 жылдығына арналды. Осы конкурсқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша әр мектеп аудандық байқауға үздік жұмыстарды ұсынуы керек еді , онда «Балдырған» БЭО қазылар алқасының мүшелеріне байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау міндеті қойылды.