Жаңалықтар
«Тәуелсіздік мерекесі – Мәңгілі ел берекесі» шығармашылық жұмыстар конкурсы
- Толығырақ
- Жарияланды 16.04.2021 18:00
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық «Тәуелсіздік мерекесі – Мәңгілік ел берекесі» шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Конкурс 3 жанры (эссе, әңгіме, өлең) бойынша жұмыстар қабылданды.
Эссе жанрының нәтижесі:
ІІІ орын - Павлов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Пирогова Виктория; №3 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Калыкова Дильназ; №3 Успен орта мектебінің 7 сынып оқушысы Закенов Ильяс.
І орын - №3 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Скакова Айжан
Әңгіме жанрының нәтижесі:
І орын - Павлов орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қапсамат Елбек;
ІІ орын - Ковалев орта мектебінің 8 сынып оқушысы Курилова Арина.
Өлең жанрының нәтижесі:
ІІ орын – Лозов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серікқалиев Елжан; Белоусов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Гречкова Мария.
ІІ орын – Лозов орта мектебінің 5 сынып оқушысы Исен Айбала; Лозов орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жакажанова Аймира.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХXІ облыстық «Бүлдіршін» фестивалінің аудандық кезеңі.
- Толығырақ
- Жарияланды 16.04.2021 17:00
Мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХXІ облыстық «Бүлдіршін» фестивалінің аудандық кезеңі 4 жанр бойынша өтті.
1. Вокалдық жанрда төмендегідей нәтижелер:
ІІІ орын – Балапан сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Семенченко Иван; Қаратай орта мектебі жанындағы «Құлыншақ» шағын орталығының тәрбиеленушісі Нұрбақыт Айзере; Лозов орта мектебінің тәрбиеленушісі Исен Келден; Ольгин орта мектебінің тәрбиеленушісі Абраева Жансая.
ІІ орын - №1 Успен орта мектебінің тәрбиеленушілері Джахангирқызы Диана мен Зудилова Светлана.
І орын - № 2 Успен орта мектебінің тәрбиеленушісі Уралтаева Дана.
Вознесен негізгі мектебі жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиеленушісі Кашкаха Ева; № 2 Успен орта мектебінің тәрбиеленушілері Боброва Кира, Кулик Анна, Миллер Елизавета, Муминов Максим, Ечкало Кристина, Уралтаева Дана, Фисенко Нелли, Бараисов Темирлан; Балапан сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері Бекмұрат Аиша, Қабул Ерсұлтан, Сашнева Александра; Қаратай орта мектебінің тәрбиеленушілері Балтабай Ибраһим, Еркінжан Біләл, Әбіл Елдана; Лозов орта мектебінің тәрбиеленушілері Шалқар Аңсаған, Жайлау Жасминаға Алғыс хат табысталады.
Жамбыл оқулары
- Толығырақ
- Жарияланды 15.04.2021 17:00
Жамбыл оқулары Биылғы тарихи оқиғаларға бай. Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде тойлануда. Оқушылар арасында аудандық Жамбыл оқулары 3 бағыт бойынша өтті.
«Жамбылдың жыр мұрасы» - ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бағытында нәтиже төмендегідей:
ІІІ орын - №3 Успен орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рысдаулет Айзат; Қаратай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сансызбай Фатима; Ольгин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бауыржан Ақерке; Лозов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серікқалиев Елжан.
ІІ орын - №3 Успен орта мектебінің 7 сынып оқушысы Рысдаулет Сымбат; Қаратай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әлен Дәрия.
І орын - Константинов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жетес Аяужан.
«Үздік педагог» конкурсын өткізу туралы хабарландыру
- Толығырақ
- Жарияланды 14.04.2021 18:00
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Успен ауданының білім бөлімі» ММ 2021 жылғы 29-30 сәуір аралығында «Үздік педагог – 2021» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтетінін хабарлайды.
Конкурс ережесіне сәйкес қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 15 наурыздан 19 наурызға дейін қабылданады. Конкурстық материалдың толық құжаттар топтамасы 2021 жылғы 24 сәуірге дейін ұсынылады.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген (өзгерістермен, 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрық) «Үздік педагог» атағын беру қағидалары.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 20 сәуірге дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу туралы барлық сұрақтар бойынша әдістемелік кабинетке жүгінуге болады, телефон 91016
«Елбасы Медалі» жобасына қатысқан оқушыларды марапаттау
- Толығырақ
- Жарияланды 07.04.2021 16:40
2021 жылғы 7 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры жастарға арналған «Елбасы Медалі» жобасы 2 кезеңінің «Қола медаль» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Қола медаль иегерлерін марапатттау рәсімі аудан әкімі Дычко Николай Васильевичтің және білім беру бөлімінің басшысы Жиренова Айнагуль Кенжалиевнаның қатысуымен өтті. «Қола медальдармен» және төсбелгілермен Константинов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жандрахимова Дарина, Каратай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ораз Гүлдана, 8 сынып оқушысы Сансызбай Фатима, №3 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Калыкова Дильназ және Таволжан орта мектебінің 11 сынып оқушысы Есалинов Алихан марапатталды.
Облыстық «Жас экорепортер» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау
- Толығырақ
- Жарияланды 07.04.2021 16:30
2021 жылғы 7 сәуір күні облыстық «Жас экорепортер» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.
Нәтижесінде біздің ауданымыздың оқушылары жүлделі орындарға ие болды. «Біздің аймақтың экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша жұмысын ұсынған №2 Успен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Адилова Гульдана 1 орынға ие болды, «Зеркальная гладь» тақырыбындағы жұмысы бойынша Таволжан орта мектебінің 11 сынып оқушысы Глухов Роман 3 жүлделі орынға ие болды. Оқушылар облыстық «Жас экорепортер» конкурсының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Облыстық әдістемелік күн
- Толығырақ
- Жарияланды 02.04.2021 17:00
2021 жылғы 2 сәуірде, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының кезекті аймақтық әдістемелік күні өтті, онда Успен ауданы мектептерінің оқу үдерісіндегі олқылықтарды жою және білім сапасын арттыру тәжірибесі ұсынылды.
Сондай-ақ, Равнополь негізгі мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Жумабекова «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен таныстырды.