Баланың бас ұстазы ата – ана.
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету мақсатында 1-4А сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Баймулдинова А.Ю. тренинг-жиналыс өткізді. Ата-аналар ортаға шығып шаттық шеңбер болып дөңгеленіп, бір-біріне тілек білдірді. Әркім өз қалауы бойынша топқа бірігіп, өз ойларымен бөлісті. Қызықты сұрақтарға доп беру арқылы әр ата-ана жауап берді.
Одан соң үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін таңдап алып, әр топ жұмыс жасайды. Орындарымен алмасып, ойларымен бөліседі. Сынып жетекшісі барлық жұмысты қорытып, ата-аналардан белсенді жағымды кері байланыс алды.