kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін32
Кеше59
Апта248
Ай854
Барлық күндері107901

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Қазақ күресі: өткені, бүгіні және болашағы.

Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – ол қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық күресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің аталары болып табылатын – Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді. Қазақша күреске мектептегі дене тәрбиесі сабағында көп көңіл бөлу керек.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт.

         Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың бағдарламаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

   Қозыкеткен ЖОББ мектебінде 2016-2017 оқу жылынан бастап «Қазақша күрес» секциясы өткізіліп келеді. «Қазақша күрес» секциясының қатысушылары: Абилов Ринат, Кайргелдинов Ернар, Юсупов Иван, Өмірбек Ертолхын, Габдуллова Анара, Өмірбек Ержан, Кенжеахмет Ғали.

Павлодар облысы «Қазақша күрес» жарысының жүлдегері: Габдуллова Анара ІІ орын, Өмірбек Ертолхын ІІІ орын , Республика бойынша: Юсупов Иван І орын-спорт шебері кандидаты атағына ие болды.

79

 

80