Ұлттық валюта - теңге күнінің 30 жылдығы
15 қарашада ұлттық валюта - теңге күнінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мектеп кітапханашысы Баубекова Гүлмира Тулепбергенқызы 3-4 сыныптармен викторина өткізді.
Мақсаты: әлемдік қоғамдастықтағы ұлттық валюта - теңгенің рөлі мен орнын анықтау, қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, рәміздерге құрмет көрсету.
Биыл Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады. Оқушылар бірінші теңге сарайы қай жерде орналасқанын, теңгенің авторы кім екенін біліп, викторина сұрақтарына жауап берді. Соңында балаларға дәмді сыйлықтар табыс етілді.