Баланың бос уақытын ұйымдастыру
Педагогикалық қолдау орталығының келісілген жоспарымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс "Баланың бос уақытын ұйымдастыру" тақырыбында бастау алып, жалпы баланың оқу үлгерімі, 1 тоқсан қорытындысы, алдағы өткізілетін іс-шаралар туралы сөз қозғалды. Жиналыс барысында ата-аналармен "Менің балам туралы" атты сұрақ-жауап, "Мен баламды танимын" атты тренинг ұйымдастырылды.
Сонымен қоса, баланың бос уақытын ұйымдастыру туралы сауалнама жүргізілді. Баланың ұялы телефонды пайдалану туралы пікірлер айтылды. Жиналыс соңында түрлі сұрақтар талқыланды.
Жиналысты өткізген: Кірісхан Ләйла #козыкеткенсош #козыкеткенскаясош