Ғаламтор және бала тәрбиесі
Педагогикалық қолдау орталығының келісілген жоспарымен бастауыш сынып ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс "Ғаламтор және бала тәрбиесі" тақырыбында өтті. Жиналыс барысында ата-аналармен "Зарядтағыш", "Иық, қол, аяқтың ұшымен амандасу", "Көзі әдемі", "Сол қолымен жазу", "Баланың бейнесі", "Лабиринт", "Бала жүрегінен хат", " Гүлдер тілегі", "Додекаэдр", "Кедергілерден өту", "Тәтті шай" атты әдістер арқылы тренингтер ұйымдастырылды. Жиналыс соңында түрлі сұрақтар талқыланды.
Жиналысты өткізген: Баймулдинова Айнагуль Юрьевна, бастауыш сынып мұғалімі. #козыкеткенсош #козыкеткенскаясош