kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін17
Кеше28
Апта257
Ай955
Барлық күндері124431

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Бірінші сабақ

Сабақ тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Мақсаты: Ұлттық сана сезімі оянған, бойына парасатты, мәдениетті, мейірімді, еңбекққор қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Оқушыларға 1-қыркүйек күні «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсатымен таныспас бұрын оқушыларға мынадай     Ассоциация құру.

Ассоциация құрылды яғни екі жәндікті салыстырып, олардың айырмашылығы, пайдасы мен зияны олардың еңбекқорлығы туралы ой бөлісті. Әрине оқушылар өз ойларын айтты. Шыбын сияқты босқа ұшып жүрмей, ара сияқты еңбек етіп, пайдалы болып, жемісін көру керектігін түсінді.

 900   991   992

Бұл сабақта адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек, «еңбекқорлық», «еңбексүйгіштік» және еңбектің нәтижесіне қалай жетеміз және осы өмірде еңбекқорлық қасиеті, еңбексүйгіштік қасиеті арман-мақсаттарымызға, алдыға қойған тілектеріміздің орындалуына қалай ықпал етеді, сол туралы мәселелері қарастырылды және де Қазақстанның 50 алдыңғы қатарлы бизнесмендерінің қатарына кіретін меценат, халықтың жанашыры, қазақ миллионері Бауыржан Оспанов туралы бейнебаянды тамашалап оны талқылады, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ол кісінің қандай еңбекқор, адал, халқына жақындығы, ақкөңіл, қайратты, білімді, әр қашан көмекке дайын тұратын адам екендігін түсінді. Сонымен қатар басқа да танымал, еңбекқор ақындар, спортшылар туралы да айтылды. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп отырды. Сынып сағатымызды «Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сатпайды» деген Шәкәрім Құдайбердиевтің ойымен аяқтадық.