«Тілдер онкүндігі»
2016 жылғы 19-29 қыркүйек аралығында Қозыкеткен мектебінде «Тілдер онкүндігі» өткізілді. Барлық белгіленген күндерге, жоспар құрастырылып мектеп директорымен бекітілді. «Тілдер онкүндігі» мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін қамтып өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың тілдерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Онкүндік жоспары бойынша әрбір сынып оқушылары түрлі іс-шаралармен танысу. 19 қыркүйек күні мәжіліс залында тілдер онкүндігінің салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Оқушылар әр тілде тақпақ, өлеңдер айтты.
20 қыркүйек күні 5-11 сыныптар аралығында мектеп кітапханашысы Баубекова Б.Т. «Бір ел-бір кітап» «Дулат Бабатайұлының шығармашылығы» тақырыбына кітап көрмесі өткізілді. Бақыт Төлешқызы жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен таныстырды.
21 қыркүйек күні 5-11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Махаббат Шынар «Тілдердің үштұғырлығы» атты сынып сағатын өткізді.
22 қыркүйек күні 9-11 сыныптар аралығында орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұрмұхамбетова Г.К. «Интелеллектуальная игра» Счастливый случай тақырыбына сынып сағатын өткізді.
23 қыркүйек күні 5-11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Хамитова Ә.А. « Тіл –достықтың құралы» атты фестивальін өткізді.
24 қыркүйек күні 9-11 сыныптар аралығында орыс тілі пәнінің мұғалімі Баубекова М.Н. «Брейнг-ринг» сынып сағаты өткізді.
26 қыркүйек күні 5-11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Хамитова Ә.А. «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты сынып сағатын өткізді.
27 қыркүйек күні 5-11 сыныптар аралығында орыс тілінің мұғалімі Нұрмұхамбетова Г.К. АБВГДейка «Интеллектуальная игра» сынып сағатын өткізді.
28 қыркүйек күні 9-11 сыныптар аралығында неміс тілі пәнінің мұғалімі Герлиц Н.В. «Eidene spiele» іс –шарасын өткізді.
29 қыркүйек күні 5-8 сыныптар аралығында орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұрмұхамбетова Г.К. КВН «Почемучек» и «Знатоков» атты іс –шарасын өткізді.
29 қыркүйек күні 3а-3б сыныптар аралығында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Добродеева Ю.М. «Ағылшын тілінің білгірлері» атты сынып сағатын өткізді.
Сонымен қатар ӘБ жетекшісі Хамитова Ә.А. 29 қыркүйек онкүндікте жасалған жұмыстарға қорытынды жасады.
Жалпы «Тілдер онкүндігі» қызықты және маңызды өтті. Әрбір өтілген іс-шара өз мақсатына жетті. Онкүндік қорытындысы жалпы мектептік жиында шығарылып, белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
ӘБ жетекшісі: Хамитова Ә.А.