«Өзін-өзі тану» пәнінің апталығы 02.02.2017-13.02.2017
«Өзін-өзі тану» апталығы қарсаңында 2017 жылғы ақпанның 1-ші күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бабай Қарашаш ашық сабағын ұсынды. Бұл ашық сабақ өзін-өзі тану пәні бойынша «Ұстамдылық пен сабырлылық» тақырыбы аясында 5-ші сынып оқушыларымен өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін ашу.
Ашық сабақтың міндеті:
- 1.Оқушыларға мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік беру.
- 2.Оқушыларға мейірімділік, төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік бере отырып, сол қасиеттерді өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
- 3.Оқушыларды мейірімділікке, төзімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Мұғалім бұл сабақты тыныштық сәтімен бастады. Содан кейін өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сабақтар өз кезеңінде өткізілді. Сабақтың мақсатын айқындай отырып мұғалім әр кезең сайын әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып отырды. Сабақ оқушыларға жан-жақты атап айтсақ мақал-мәтелдер, әңгімелер, бейне жазбалар арқылы түсіндірілді. Оқушылар топқа бөлініп, тақырыпқа байланысты өз түсініктері бойынша суреттер салу ұсынылды және салған суреттерін оқушылар қорғай білді. Қорытындылай келе сабақ өз деңгейінде жақсы өтті. Оқушылар бұл сабақта өте жақсы әсер алды деп ойлаймын. Сабақ соңында оқушылар тыныштық сәтімен және «Жақсы адамдар» әнін бәрі бірге айтып аяқтады.
Комиссия мүшелеріне пікір білдіру парағы таратылды.
Пікірлер:
Сабақтан алған әсерлері: Мұғалім сабақтың кезеңдерін әртүрлі тәсілдерін қолданып, оқушылардың ойлау пікірлері мен қабілеттерін дамытуға талап етуге тырысты.
Ұсыныстар: Оқушылардың өмірге көзқарастарын пайдалануға үйрету
Пікір білдірген: Айткужинова К.К.
Сабақтан алған әсерлері: Бабай Қарашаш ашық сабаққа өте ұқыпты дайындалды, сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақта жақсы қолайлы орта қалыптасқан.
Ұсыныстар: Топқа бөлуді қарастыру, бағалауды ұйымдастыру, не үшін топқа бөлінді түсініксіз, бәсеке ұйымдастыру.
Пікір білдірген: Шимбаева Н.Д.
Сабақтан алған әсерлері: Менің бұл сабақтан алған әсерім сабырлылық пен ұстамдылық туралы оқушыларға жан-жақты түсіндірілді. Мақал-мәтелдер, әңгімелер, бейне жазбалар арқылы. Оқушылар топқа бөлініп бөлініп тақырыпқа байланысты суреттер салып, оны қорғады. Тыныштық сәті, ән айтылды. Тыныштық сәті ұнады. Жалпы сабаққа мұғалім тыңғылықты дайындалған. Менің ойымша сабақ керемет өтті.
Ұсыныстар: Ұсыныстар жоқ.
Пікір білдірген: Хабай А.