Инф-Мат әлемі
Жаратылыстану – математика бағыты апталығына сәйкес, 16.02.21 күні «Инф-Мат әлемі» атты информатика және математика пәндерінің бірігуімен сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сабақтан алған білімдерін толықтыру, тереңдету, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық ізденістерін арттыруға, бірі-бірі құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сыныптан тыс іс-шара 5-7 сыныптар арасында математика және информатика пәндерінің бірігуімен екі топқа бөлініп, сайыс түрінде өткізілді. Сайыс жеті кезеңнен тұрды. «Гүлмен тілек», «Топ таныстырылуы», «Сырлы сандар әлемі», «Адасқан әріптер», «Логикалық тапсырмалар», «Бәйге» «Тапқырлар сайысы». Әр кезең сайын оқушылардың жауап бергеніне байланысты ұпайлар саны беріліп отырды. Оқушылар іс-шараға белсенді, қызығушылықпен қатысып отырды. Іс-шара өте тартысты өтті. Оқушылармен кері байланыс жасалды. Сабақ соңында оқушыларға тәттілер таратылды.