kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше29
Апта2
Ай969
Барлық күндері124445

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

«Ұлтын ұлықтаған - ұлы тұлға»

Ахмет Байтұрсынов – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, ұстаз, публицист, қоғам қайраткері.

Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебінің 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның барысында оқушылар ұлы ғалымның, ғылими еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы сөз сөйлеп, сөзжұмбақтарды шешіп, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Бүкіл өмірі қазақтың өз тағдырын өзі шешуі, мәдениетін, білімі мен ғылымын дамыту, ұлттың төл өнерін ғасырлар бойы сақтап қалу жолындағы жалынды қамқорлыққа толы болды.

Мұхтар Әуезов сонау 1923 жылы Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін ескеріп, оны «Қазақ зиялыларының көсемі» деп атаған.

«Оқуға шақыру» өлеңі

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлi жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектiм,

Көңiлiн көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетiп еңбек, бейнет

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым, екi аяқты-

Адамдық айуанға қанша қажет

Жаратқан малды құдай не керекке-

Мiнуге, сою, соғу, жөндемекке.

Жорта бер қамыт киiп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа етi үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.

Есептен алдағандай болғандар көп,

Жасықты, асыл ма деп, бiлмей қайрап.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезі Тосын болысына қарасты Сартүбек деген жерде қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі қазақ ауылындағы озбырлыққа, құқысыздыққа шыдамаған, халық батыры Үмбетейдің ұрпағы деп саналған, өз қадір-қасиетін сезінген, өз алдына ержүрек, парасатты, намысшыл адам болған. Ахмет – ұлы ұстаз болған. Ол халық жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын сәулесі болды және солай болып қала береді.

Мектеп кітапханашы: Баубекова Гульмира Тулепбергеновна

29ed496f 0a63 4733 a7af 458bc05048e7     a3e8c487 4bbe 4bd6 b598 6f36f0a9f9c5   f0f357c4 dd88 451f 8dcc 54564903a79f  718c97b0 1969 451b 91cf 07637d4534a3