kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше46
Апта81
Ай687
Барлық күндері107734

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

БӨЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ

Железин ауданы мектептерінің құрылу тарихы 

 

   Октябрь революциясына дейін Павлодар уезінде тұрғындарың көбі сауатсыз болды. Шаруашылықтың құлдырауына, азамат соғысының қырғынына қарамастан кеңес үкіметі халықты ағарту, балаларды оқыту және тәрбиелеуді, халықтың сауатсыздығын жоюды ең алдыңғы міндеттерінің біріне қойды.

Бұл өте қиын іс болды: мұғалімдер, оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Мектептегі бар жүйе балаларды оқыту мәселесін шешуді қамтамасыз ете алмады. Ең бастысы – бұл жағдайлар ұлттық мектептерді құруға кедергі келтірді.

1920 жылы қазан айында Бірінші БүкілресейлікКеңес сьезінде «Еңбекшілердің құқық Декларациясы» қабылданып, сауатсыздықпен күрес жарияланды.

Сауатсыз тұрғындар үшін уезде мектептер жүйесі құрылу мен қатар қазақша және орысша ликбездер ұйымдастырылды. Халық ағарту энтузиастардың қиын да, қажырлы жұмыстың нәтижесінде 30 жылдардың басында облыс тұрғындарының 50% оқи және жаза білді.Әсіресе мектепке дейінгі тәрбиеге көп назар аударылды.

Балалар бақшалары мен яслидерді құруға 1920 жылы 26 шілдедегі В.И.Лениннің Павлодардың Ертіс өңірінің жаяу-шаруадан сібірлік кеңес мекемелеріне жіберілген хаты үлкен әсер етті. Онда былай делінген: «Үлгі көрсетуші Путинцев Илья Даниловичке өзінің орнында –Павлодар облысы Семей губерниясында балалар бақшасы мен басқа орындарындарды ұйымдастыру үшін барлық жағынан қолдау көрсетуіңізді өтінемін». Алғашқы балалар бақшасы 1921 жылы 8 ақпанда Железин ауданының Үрлітүп селосында ашылды.

Мектеп өмірінің бұрылыс кезеңі 30 жылдардың басы болды. Бастауыш білімді жүзеге асырудағы күрес бетбұрыс жасады. Осы жұмыстың негізіне ОАК шешімі және Қаз.ССР Үкіметінің 1930 жылғы тамыздағы «Республикадағы жалпы міндетті бастауыш білім туралы» шешімі қойылды. Бес жылдың ішінде бұл бағдарлама аяқталды. 1934-1935 оқу жылында уезде бастауыш біліммен мектепке дейінгі балаларды оқумен қамту 96,6% құрды.

Жалпы міндетті бастауыш білімді табысты жүзеге асыру жалпы жеті жылдық білімге көшуге жол ашты. Ол үшін 1931 жылғы тамыздағы республика Үкіметінің «Жалпы міндетті жеті жылдық білім туралы» қабылданған қаулысы болды.

1938 жылдан бастап Павлодар облысында жаңа мектеп ғимараттары салына бастады. Отызыншы жылдардың аяғында шындық мәдени революция өзін көрсетті, 5-7 сынып оқушыларының құрамы екі еселенді, ал 9-10 сынып 15 есе өсті.

Соғыстан кейінгі жылдары жеті жылдық білімді іске асыру жалғастырылды. Бастауыш мектептер жеті жылдыққа өзгертілді. 1959 жылы наурыз айында міндетті сегіз жылдық білім Заңы кіргізілді.

Қазақша орта мектептер өсті және нығайды, оған республика үкіметінің 1946 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ мектептерін нығайту туралы» қаулысы негіз болды.

70, 80 жылдардың ортасынан орта білімге көшу жұмысы жүргізу күшейді. Совхоздардың орталық елдерінде орта мектептер ашылды. Олардың барлығы кабинеттік жүйеде жұмыс істеді. Жалпы орта білім беру заңнамасы 1972 жылы 20 маусымда бекітілді.

Революцияға дейінгі мектептер негізінен шіркеу – кіріс болды.

1926 жылғы аудандық мәлімет: волостық бюджетте -5, казак поселкаларында – 3, казац станцияларында -3. Үш казац мектебінде – 234, шаруалық – 91.

Мұрағаттық мәліметтер бойынша Үрлітүп аудандық алғашқы мұғалімдер конференциясы 1935 жылы 24 тамызда болған.

1941 жылы ауданда- 49 мектеп, оның ішінде- 4 орта, 10 толық емес орта, барлығы -3702 оқушыоқыған.

Соғыс кезіндегі мұрағаттық деректер мынаны көрсетеді:

-Железин селосы, 1942 жыл. Біздің интелегенттер соғыстық қарыздағы мектеп бітірушілерді қуанышпен қарсы алды. Митингтен кейін Железин орта мектебінің ұжымы 16 адам 6295 сомға қол қойды, аға вожатый Гудин өзінің сөзінде былай деді: Отанды қорғау үшін көп танктер, ұшақтар және минометтер қажет, жауды тезірек құрту үшін соғыстық қарызға қол қоямыз, мен екі айлық жалақыға қол қоямын.

-Железин селосы, 1943 жыл 11 шілде. Мектеп отрядтары – 28, дала жұмысында -30 мұғалім, 380 оқушы қамтылған.

-Павлодар ОблХБО меңгерушісі З.Акишеваның «Үрлітүп ауданы халық білімі органының жұмысы туралы» ақпараты.

Павлодар қаласы, 1943 жыл 2 шілде.

Үрлітүп ауданында 49 мектеп, оның ішінде бастауыш мектеп – 35, толық емес орта мектеп -10, орта мектеп -4. Оқу жылының басында мектеп жасындағы балалар – 3662, оның ішінде мектеппен қамтылғаны – 3008 (82%), бұл облыс бойынша қамтылғаннан 9% кем. Оқу жылының басында қамтылған 3008 оқушының оқу жылының аяғында қалғаны – 2106, немесе 70%, құрамның кемуі 902 адамды құрайды, немесе 30%, бұл облыс бойынша 7% жоғары.

Үрлітүп ауданының оқушылары үлгерімдері бойынша соңғы орынның алдында 83,6%, яғни облыс бойынша үлгерімі 5% төмен.

Мектептің жұмысының нашарлығының себебі мұғалімдер мен оқушылардың жұмыста жағдайларының болмауы. Мектеп жағатын отынмен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар Приертіс астық совхозы ауруханадан 20 куб.м. ағаш қарызға алған. Осы ағашты совхоз өздігінен шығарған және қайтармаған. Осыған байланысты мектеп оқуды бір айға тоқтатқан. Бұл мәселе жөнінде мектеп аудан басшылары жағынан ешқандай қолдау көрмеген.Ыстық таңертеңгіліктер ұйымдастырылмаған. Жылы киім мен аяқ киімді қажет еткен оқушылар қамтамасыздандырылмаған. Мұғалімдерді азық-түлікпен жабдықтауда жүйелілік болмаған. Мөлшер бойынша тағайындалған 600 г. нанның орнына мұғалімдер 250-300 г. алған, кейде мүлде ештеңе берілмеген. Осыған байланысты Үрлітүп ауданының мұғалімдерінің жабдықталудың нашарлығына жазған арыздары бар. Жеке мұғалімдер СССР Жоғарғы Совет Президиумының Төрағасы Калинин жолдасқа арыз жазған.

Мұғалімдердің Үрлітүп ауданында қалмау үшін ОблХАО-ға басқа аудандарға ауыстыруды өтініп жазған өтініштері бар.

Оқу жылына дайындық өте нашар жүруде.Талап етілген 2517 куб.м. ағаш дайындалмаған және мектептерге 1 куб.м. де жеткізілмеген.

Барлық мектеп 75 га егін сепкен, орташа әр мектепке 15 га. Бұндай алқапқа салған өнім мектеп егісінің есебінде ыстық таңертеңгілікті ұйымдастыруды қамтамасыз етпейді.

Оқушылардан ұсталған оқулықтарды сатып алу сауда ұйымдарымен кесілді. Жаңа оқулықтар шықпаған соң, ұсталған оқулықтарды сатып алуға мән берілмеді.

Оқу жылының барысында сауда ұйымдарымен 100 дана дәптер, 500 дана қарындаш саудаланды. Бұл мәселе жөнінде ОблХАО дабыл қағылса да кінәлілер жазалаусыз қалды. Мектептерде әдістемелік жетекшілік жүргізілмеді. АХАО мектеп инспекторы Ещанова жолдас аудандық комитет пен аудандық атқару комитетінің тапсырмалары бойынша үнемі іссапарда жүрді. Ол оқу жылы бойында бір мектепті де тексере алмаған.

Талапкер орта мектебінің интернатында 1938-1939 жылдарда көмекші шаруашылық болды. Осы көмекші шаруашылықтан ештеңе қалмады.

-Павлодар қаласы, 1943 жыл 7 желтоқсан.

Мұғалімдер үшін тағайындалған керосинді Үрлітүп және Ертіс ауданының мұғалімдері алмаған. Аудандардың қатарында (Үрлітүп, Лебяжье, Баянауыл) асыраудағы мұғалімдер нан алмаған.

-Павлодар қаласы, 1943 жыл 11-12 ақпан. Жеке аудандарда жалпы оқу ісін жүзеге асыру қалай? Үрлітүпте – 65,4%...Төрт аудан облыс бойынша ортадан төмен пайыз.

1963 жылы ауданда 62 мектеп болды, оның бастауышы -30, сегізжылдығы -28, орта -4. Бұл мектептерде 9810 оқушы оқыды. Кеңес кезеңінде мектептер жүйесі (50-60 жылдары) ауданда -65, оның ішінде 18 мектеп қазақ тілінде қызмет істеді.