kozyketkensosh1
kozyketkensosh2

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін29
Кеше28
Апта269
Ай967
Барлық күндері124443

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Ұстаз болу - жауапты іс

Ұстаз болу - жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы – деп, ақындарымыз жырға қосқандай ұстаз болу-ертеңгі қазақ елінің атын шығаратын,елдің тірегі болатын ұрпақ тәрбиелеу, яғни-ұлт тәрбиелеу.

       «Ұстаз-мектептің жүрегі»дегендей,баршамыз үшін «алтын ұя»іспетті ақ ордада ең ұлы тұлға-ұстаз. Жас шыбықты қалай күтіп баптаса,солай өсіп-өніп шығады. Оқушы да сол жас шыбық сияқты өсіп, ұлғаяды. Оқушының білімі, тәлім-тәрбиесі, мәдениеті ұстаздың мол еңбегімен байланысты. Қазіргі заман ұстазының міндеті-заман талабына сай үш тілді игерген,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Үш тілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты қажеттілігі.

         ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен өлшенбейді, оның критерииі-функционалдық сауаттылық. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бірінші күннің мақсаты.

           Ойымды қорытындылай келе менің педагогикалық ұстанымым:сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу,сонымен қатар, оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру арқылы қабілеті мен шығармашылығын ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Рухани мәдениеті қалыптасқан, тәуелсіз еліміздің болашағын жалғастыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Бастауыш сынып мұғалімі: Жумабаева А.А.