Волейболдан жарыс
Волейбол-Қазақстандағы ең көп таралған ойындардың бірі. Волейболдың жаппай, шынайы халықтық сипаты ойын ережелерінің қарапайымдылығына және жабдықтың қарапайымдылығына негізделген оның жоғары эмоционалдылығы мен қол жетімділігімен түсіндіріледі.
«Алтын күз» мерекесі
Қазан айында 2а-4а сыныптар арасында «Алтын күз»сайысы өтті. Мерекені бастамас бұрын балаларға бірнеше жұмбақ жасырып, балардың мерекелік көңіл күйін көтерді. Оқушылар осы мерекеге ерекше қонақ деп, Алтын күзді сыйымен тосты.
Қазақ күресі: өткені, бүгіні және болашағы.
Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – ол қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық күресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің аталары болып табылатын – Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді. Қазақша күреске мектептегі дене тәрбиесі сабағында көп көңіл бөлу керек.
«Темекі зияны»
Мақсаты: Жас ұрпаққа «Қазақстан-2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі- салауатты өмір салтын қалыптастырутуралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіріп, өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын-алуды үйретіп, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауға, оқушылардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Баланың бас ұстазы ата – ана.
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету мақсатында 1-4А сынып ата-аналарына сынып жетекшісі Баймулдинова А.Ю. тренинг-жиналыс өткізді.
«Этика және біз» тәрбие сағаты
Балалардың ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға, адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 29 қаңтарында Қозыкеткен ЖОББ мектебінде 3-4 «а» сыныбында «Этика және біз» атты тәрбие сағаты өтті. Әдеп – барлық адамға жарасатын қасиет. Әдеп сөзінің мағынасына терең сусындап өскен балаға, әдеп сөзінің қуат-күшінің әсері болмауы мүмкін емес.